"БҮКІЛ ƏЛЕМ МЕН ҮШІН" психология 10 күндігі аясында 103,106,107,109,201,203,303 топтар ішінде "Стресске төзімділік " атты психологиялық тренингтер өткізілді. Бұл тренингтің мақсаты- топ студенттерінің бойындағы мазасыздықты жойып, стресске төзімділігін қалыптастыру. Міндеттері: топ студенттерімен стресс жəне оның алдын-алуға байланысты ақпараттармен бөлісу, стресстің алдын-алу жолдарына арналған психологиялық жаттығулармен таныстыру.Позитивті болуға үйрету. Өткізген практикант-психологтар:Кенжебаева Назерке мен Мендигалиева Ақжан.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында «Саналы азамат» базалық бағыты жобасына сәйкес «Мамандықтар әлемінде» тармағы бойынша Ақтөбе автожол колледжінің жоспарына сәйкес 12-ші қаңтар мен 23 сәуір аралығында ашық есік күндері өтуде. 11 Орта мектеп оқушылары бізде қонақта.

Ақтөбе автожол колледжінде "Жаратылыстану жəне АƏД пəндері " бірлестігі апталығының жабылуына мерекелік іс-шара өткізіліп, оқытушылар мен білім алушылардың жаңа технологиялар туралы мəліметтері тыңдалып, түрлі логикалық ойындар ойнатылды. Іс-шара соңында апталыққа белсене қатысқан топтар мен халықаралық онлайн олимпиада мен сайысқа қатысқандар марапатталды.

 

 

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары