06.12.23 күні колледждің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сәйкес «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережелерді зерделеу;
2. Қамқоршылық кеңестің төрағасын, хатшысын сайлау;
3. Кеңестің жұмыс жоспарын талқылау, бекіту;
4. Әр түрлі мәселелер.
Отырыс барысында
қамқоршылық кеңестің құрамымен танысу, жалпы ережелері, төрағасын сайлау тәртібі, өкілеттігі, қамқоршылық кеңестің жұмысының ұйымдастырылуы жайлы айтылды. Сонымен қатар қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары кеңес мүшелерімен талқыланып, бекітілді.