Психолог - мұғалім

Жұмажанова Ырысалды Даниярқызы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Тел: 8 705 171 52 60

Психологиялық қызмет

Колледждегі психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, педагог-социолог және оқу топтарының жетекшілері кіреді.

Колледждегі психологиялық қызметтің міндеті:

– Тұлғаны табысты оқыту, дамыту әрі оның әлеуметтенуі мен кәсіби қалыптасуы үшін психологиялық жағдай жасау;

– Оқу-тәрбие үрдісі субъектілерінің арасындағы өзара түсіністікпен, өзара әрекеттестікті нығайтуға жағдай жасау;

– Білім алушылардың әлеуметтік маңызды тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін жеке қызығушылықтар мен қажеттіліктерді дамыту;

– Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;

– Білім алушылар, педагогтар, ата-аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

Негізгі жұмыс бағыттары:

– Психодиагностикалық бағыт;

– Психопрофилактикалық бағыт;

– Психокоррекциялық бағыт;

– Кеңес беру;

– Психологиялық білімді көтеру.

Психологиялық қызметтің жұмыс кезеңдері:

– Психологиялық қызмет бойынша жұмысты жоспарлау;

– Педагогикалық ұжым мүшелерімен жұмыс;

– Бейімделу кезеңін бақылау;

– Әртүрлі жас кезеңінде кездесетін қиыншылықтың алдын алу;

– Жас мамандарға көмек;

– Ата-аналармен жұмыс;

 

Психолог: : Жумажанова Ы.Д.

Студенттер мен ата-аналар назарына! Колледжімізде “Сенім телефоны” және “Сенім жәшігінің” жұмыс жасайтынын хабарлаймыз! ☎️87084715432

 

 

 

Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен “CHOCOLATЕ DAY” акциясы.

Мақсаты: ұстаздармен білім алушыларға жақсы көңіл - күй мен ұмытылмас сәттер сыйлау.

“CHOCOLATЕ DAY” акциясына белсене қатысқан колледж ұжымына және білім алушыларымызға алғыс білдіреміз.

 

Бүгін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, әлеуметтік педагогтың бірлескен жұмыс жосары негізінде «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Бердибекова Лаура Куантаевнамен «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Өтеп Назерке Нұрланқызы «Күйзелістен қалай арылуға болады?» тақырыбында колледж білім алушыларымен кездесіп тренингтер өткізді.

Тренинг мақсаты: Білім алушының ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету. Тұлғааралық қарым-қатынаста туындайтын эмоционалдық күйселістің алдын-алу. Психологиялық тұрғыдан қолдау. Сенімділіктерін арттыру және күйзеліс жағдайында физикалық және психикалық күш-жігерді қалпына келтіру үшін сыртқы және ішкі ресурстарды белсендіру жолдарын үйрету болды.

Тренингке білім алушылар белсене ат салысып, өз ойларын еркін талқыға салып пікірлермен алмасты.

 

 

Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен колледж жатақханасында тренингтік сабақ өткізілді.

Мақсаты: Білім алушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

 

Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен “Біртұтас тәрбие бағдарламасын” іске асыру жобасы негізінде ерекше санатты білім алушылардың ата-аналарымен “Жүрек жылуы” атты жиналыс өткізілді.

Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары