2024жылдың қыркүйектің 18 күні колледжімізде білім алушыларға “Зиянды әдеттер” тақырыбында жалпы тәжірибелік дәрігер Айталиев Ерік Ермекұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында ішімдіктің, есірткінің зияны туралы айтылды.

                                                  

                                                                                 

Бүгін топ жетекшілерге “Біртұтас тәрбие бағдарламасының жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі” тақырыбында жиналыс өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.К.Махамбетова және әдіскер Б.Е.Ізбасханова топ жетекшілерді “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жаңартылған мазмұнының еркешелігін, құндылықтар жүйесін, мақсаттар мен міндеттерін, күтілетін нәтижелерімен таныстырды.

                                                           

                                                           

«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша кешенді тәрбие жұмыс жоспары негізінде «Қауіпсіз қоғам» тақырыбында колледжіміздің білім алушыларымен
Ақтөбе облысы полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Нагин Айдос Иманбаевич,
Ақтөбе қаласының ПБ аға инспекторы полиция капитаны Жумабаев Алмас Берікұлы,
Ақтөбе облысы полиция басқармасы, №2 ҚПБ жергілікті полиция қызмет бөлімі басшысының орынбасары, полиция капитаны Дюсенов Даурен Қанатұлы, колледж инспекторы Бисен Мадияр Байқадамұлымен кездесу өткізді. Кездесуде :
 Жастар арасындағы құықтық мәдениетті қалыптастыру;
 Білім алушылар арасында бопсалаудың алдын-алу;
 Нашақорлықтың алдын-алу (синтектикалық естірткі заттары, тұтыну, сату);
 Әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану (әлеуметтік желінің зияны мен қасыреті, жазасы);
 Жол жүру ережелерін жеке қауіпсіздікті сақтау;
 Буллинг және кибербуллинг туралы ақпарат беру;
 Алаяқтық туралы не білуіміз керек... деген сұрақтар қамтылды, толық ақпарат берілді, білім алушылардың сұрақтарына жауап берілді.

17.11.2023ж «Оқуға құштар колледжі» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе автожол колледжінің кітапханасы білім алушылар арасында көркем әдебиет оқуды әдетке айналдырған студенттерді анықтап олардың әрі қарай да көркем шығарма оқуына қолдау жасау және кітапты өзінің жан серігі ететін оқырмандарды үлгі ету мақсатында «Оқуға ең құштар топ» сайысын ұйымдастырады.
Сайыс қызықты әрі танымды өткізілді. Білім алушыларға «Кітап –асыл қазына» сөзінің сырын ашатын, кітап оқудың пайдасы туралы, кітап оқу мәдениетіне бағыттайтын мотивациялық мәліметтер берілді.
Сайысқа Қатысушы топтар өздерінің білімдерін, білгірліктерін және көп оқығандықтарын көрсетті.Өздерінің оқыған көркем шығармалары туралы баяндап шығармадан өздеріне алған әсерлерімен бөлісті. Шара соңында үздіктер
I дәрежелі Дипломмен 103 топ кураторы А.Д.Жиенгазина және білім алушылар Көшербаев Қайрат,Аманқос Аслан
II дәрежелі Дипломмен 106 топ кураторы А.Қ.Бадауова және білім алушылар Лекер Ернур, Смағұл Айболат
III дәрежелі Дипломмен 104 топ кураторы
Ж.Қ.Салауатова және білім алушылар Жумашева Аружан,Ондасын Нұрсейіт марапатталды.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары