Бүгін, колледж жатақханасында 25 қазан – Республика күніне арналған «Менің елім, менің Қазақстаным» атты интелектуалды сайыс өтті.
Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, өз елінің тарихын білуге, оны қастерлей білуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Абдиганиева Л.А.
Жатақхана білім алушыларының бүгінгі күні волейбол ойнаумен өтті.
Бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында білім алушылар кешкі уақытта волейбол ойнап, денсаулықтарын шынықтырады.
Жатақхана тәрбиешісі: Абдиганиева Л.А.
Жатақхана тәрбиешісі Л.А.Абдиганиева колледж мейірбекесімен бірге колледж жатақханасының студенттеріне «Студенттердің санитарлық – гигиеналық өмір сүру нормаларын сақталуын бақылау» тақырыбында баяндама оқып, салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіруге шақырды.
Колледж жатақханасында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты салтанатты іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты - қоғамдағы педагог мамандығының мәртебесі мен беделін арттыру, сондай-ақ ұстаздарды құрметтеу дәстүрін, әсіресе жастар арасында насихаттау болды.