Бүгін Ақтөбе автожол колледжінде Наурыз мерекесі тойланды. Киіз үй тігіліп, наурыз көже пісіріліп, ақ дастархан жайылып, қала тұрғындары шақырылды. Оқытушылар мен білім алушылардың ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Барша қазақстандықтарға НАУРЫЗ мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын!

Ақтөбе Автожол колледжінің 106 тобы жəне топ жетекшісі Абдиганиева Л.А.
Төлеген Айбергенов ауылында Наурыз мерекесіне орай қонақ шақырып, шеге шапан салтын көрсетіп, ұлттық тағамдар ұсынды. Алғысымыз шексіз! Наурыз құтты болсын!

 

Бүгін 19 наурыз күні колледж дәлізінде ұлыстың ұлы күні НАУРЫЗ мерекесіне арналған кітап көрмесі қойылды. Көрмеде қазақ әдебиеті оқулықтар топтамасынан "КИІЗ ҮЙ" инсталяциясы және салт - дәстүрді дәріптейтін тарихи əдебиеттер мен журналдар насихатталды.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары