«Бақытты бала жобасы» аясында 1 маусым Балаларды қорғау қүніне орай Ақтөбе автожол колледжінде 31.05.2018 ж күні «Біз таңдаған мамандық» тақырыбында білім алушылар арасында сайыс өтті. Сайысқа 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының «Техник-механик», «Электрмеханик», «Автослесарь» біліктілігі бойынша білім алушылар қатысып өзара бақ сынасты. Мақсаты - таңдаған мамандыққа деген қызығушылықты арттыру және білім алушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, осы мамандықты игерудегі теориялық және практикалық білім мен дағдыларды сынау. Байқау соңында белсенділік көрсетіп, теория мен тәжірибені ұштастыруда жоғары біліктілік деңгейімен көзге түскен білім алушылар Алғыс хаттармен жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды

 

Ағымдағы оқу жылындағы мамыр айының 31 жұлдызында Ақтөбе Автомобильді-жол колледжінің базасында «Дала жаттығулары-2018. Тактикалық дайындық» оқу жаттығулары өткізілді. Дала жаттығуларын өткізудің басты мақсаты - әскери бөлімдердің өміріне жақын жағдайларда студенттерге дейінгі дайындық бағдарламасының маңызды бөлімдерінде студенттердің білімі, дағдыларын нығайту. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметке шақырылуға дейінгі жастағы азаматтарды дайындауды мақсатты түрде жүргізу болып табылады.

Ағымдағы оқу жылының 31 мамырында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жанынан ашылған "Америка бұрышы" АҚШ елінен келген Тodrich Estelle (Тодрич Эстел) қатысуымен "Roots of American music" (Америка музыкасының тарихы) атты кездесу кеші өткізілген болатын.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары