09.03.2023ж Колледжде мерекелік жоспарға сай "Сен үшін ананың орны қандай?" атты кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуге колледжде бірнеше жыл еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шыққан апаларымыз бен ұстаздарымыз шақырылды. Білім алушыларға апаларымыз өздерінің тәлім тәрбиелік әнгімелерін айтып, балалардың қойған сауалдарына жауап берді. 

Колледжіміздің ардақты оқытушылары мен қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні карсаңында мерекелік Алғыс хаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!!

Колледж оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмысымен жоспарға сай Ф. Оңғарсынова атындағы N41 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында 9,11 сынып окушылары мен ата-аналарға ұйымдастырған "Мамандықтар жәрмеңкесіне" қатысып, колледждегі мамандықтар, жалпы жаңа оқу жылына абитуриенттерді қабылдау туралы ақпарат беріп, келушілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Брошюралар таратылып, плакаттар ұсынылды.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары