31 мамыр дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күніне орай колледж білім алушыларына N6 емхананың салауатты өмір салты маманы Ділманова Бағдагүл Әбутәліқызы "Темекі-денсаулық дұшпаны" тақырыбында түсіндірме жұмыстары мен тренинг өткізді. Темекінің зияны туралы мағлұматтар, өркениетті, зиянды әрекеттерге қарсы күресе білетін, білімді, денсаулығы мықты тұлға ретінде қалыптасудың маңыздылығын білім алушыларға айтты.

«Қоғам.Тұлға.Отбасы.» тақырыбында үлкен ауқымды облыстық ата-аналар форумы өтті. Форумға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты директоры Е.Иманалиев, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, кәсіби коуч, психологтар, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар, ұстаздар, қамқоршылық/әкелер кеңесінің, ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты. Форумның мақсаты – бала тәрбиесінде ата-аналар мен мектептердің, қоғамдық ұйымдардың біріге және тұрақты қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын айқындау, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын насихаттау, балалар мәселесін анықтау және шешу жолдарын айқындау. Елімізде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық артты. Қазір жиі еститін буллинг, нашақорлық, зорлық-зомбылық, ата-ана мен бала, бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас бүгін форумның тақырыбына арқау болды. Осы аталған форумға колледждің директордың ТІЖ орынбасары және ата аналар комитеті мүшелері Сұлтанова Ақкүміс, Тетерина Наталья қатысты.

Ақтөбе автожол колледжінде ағымдағы жылдың 30 мамырында колледж оқытушылары арасында «Педагогикалық этика.Зумер ұрпағы.» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға пән оқытушылары, кураторлар және өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Семинар барысында педагог-психолог жалпы педагогикалық этика туралы айтып өтті, «Педагог статусы» және «Педагогикалық этика ережелері» заңнамалары туралы QR-код жадынамалары таратылып, таныстырылды. Сонымен қатар қазіргі замандағы білім алушылардың ерекше қасиеттері, жалпы X, Y, Z ұрпақтар туралы түсініктер берілді. Зумер ұрпақтары мен Ү ұрпақтарының айырмашылықтары, ерекшеліктері менартықшылықтары туралы дискуссия өтті. Қорытындылау мақсатында оқытушыларға ситуациялық сұрақтар беріліп, одан шығу жолдары және педагог пен студент арасындағы жанжал мен кикілжіндерді алдын-алу туралы ұсыныстар берілді. Семинар соңында рефлексиялық жаттығу ретінде «Білдім-Үйрендім» айдарымен аяқталды.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары