2022 жылдың 7-қыркүйегінде Ақтөбе автожол колледжінің 1-курс студенттері А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы- дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбындағы жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысты.

“Таза бейсенбілік” акциясы аясында 2022-2023 оқу жылындағы алғашқы бейсенбілікті 201 және 203 топ белсенділері атқарды. Таза қоршаған орта- бұл біздің денсаулығымыз 201 және 203 топ студенттері бүгінгі тазалықты сәтті әрі көңілді нотада өткізді

Құрметті ұстаздар! Қымбатты студенттер, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
1 қыркүйек барша халықтың көптен күтетін мерекесі!
Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары