“Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауапкершілік”

 

“Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауапкершілік” тақырыбында
2024 жылдың 12 қыркүйек күні колледждің жатақханасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.К.Махамбетова мен Ақтөбе қаласы полиция департаменті ақпараттандыру және байланыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры А.И.Нагиннің ұйымдастыруымен және Ақтөбе қаласы ПБ, Астана ауданы &2 ҚПБ жергілікті полиция қызмет бөлімі басшысының орынбасары, полиция капитаны Д.Қ.Дуюсенов, Ақтөбе қаласы ПБ, Астана ауданы &2 ҚПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Н.К.Искалиев және Ақтөбе қаласы ПБ, Астана ауданы &2 ҚПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты М.Б.Бейсеннің қатысуымен білім алушылармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, кәмелет жасқа толмаған жастардың арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мәселелері қамтылды. Полиция қызметкерлері қиын жағдайда қалай әрекет ету керек, көмек алу үшін қайда хабарласу керектігі жайында, сонымен қатар жастар арасында суицидтің алдын алу, психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу, киберқауіпсіздік туралы ақпараттар ұсынып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында жатақхананың бөлмелерін аралап білім алушылармен жеке әңгімелесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары