2017 жылдың 28 сәуірінде арнаулы пән оқытушысы Сүлеймен Қ.С. 101 тобында "Стартердің қызметі және құрылысы" тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: Стартердің қызметі және құрылысы туралы түсінік беру арқылы білім алушылардың білімдерін шыңдап отырып, сабаққа қолданылатын қосымша материалдар арқылы дүниетанымын кеңейту.

 

2017 жылдың ақпан айында колледжіміздің қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы Абдиганиева Л.А. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы тәрбиесінің стилі және бала тұлғасының дамуына ықпалы» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық семинар-практикум аясында республикалық шебер-класқа қатысып, өз шеберлігін жетілдірді.

 

2016 жылдың қараша айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы және «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен «Үштілді білім беру: ізденіс, проблемалар және даму болашағы» тақырыбындағы  халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияға жоғарғы деңгейлі, мазмұнды баяндамасымен белсене қатысқаны үшін Исмагулова А.А. марапатталды.

 

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары