9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай "Саналы ұрпақ" клубы мүшелері колледж білім алушылары мен оқытушыларына жемқорлықтың алдын алу бойынша үлестірме қағаздарын тартты.

Биылғы "WorldsSkills Kazakhstan 2023" республикалық кәсіби шеберлік конкурсында "Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу" құзыреттілігі бойынша 5 модульден құралған тапсырмалардан өзінің білімі мен біліктілігін жоғары деңгейде қорғап, өз мамандығының шеберлігі арқасында Мифтахетдинов Роберт 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Білім алушымызды кәсіби дағдыға, шеберлікке дайындаған - Сафин Ерлан Нурсултанович. 2024 жылы әлемдік деңгейде ҚР намысын қорғаушы жеңімпазымызға сәттілік. Жеңіс құтты болсын!!!

Бүгін Ақтобе қаласы "АНАҒА ТАҒЗЫМ" орталығында "Ақтөбе жастары" жоспарлаған "Кешкі шай" жобасына Ақтөбе автожол колледжінің атынан "КҮМІС АЛҚА"иегері Уелбаева Асем Қаржауқызы (104 топ студенті Иванов Елдардың анасы) және Жанабаева Жусақыз (105 топ Шанжархан Аяулымның әжесі) қатысып, рухани-танымдық шарадан жандарына жағымды жақсы ой түйгендеріне ризашылықтарын білдірді.
Бізде аналарымызға зор денсаулық тілей отырып, саналы ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектері үшін алғыс айтамыз

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары