
12 желтоқсанда Ақтөбе автожол колледжінде Тəуелсіздік күніне орай еліміздегі патриоттық бағыттағы бірден-бір əнші-сазгер, ақын Орынгүл Исмағұлованың "Мəңгілік елім-Қазақстаным" атты шығармашылық кеші болып өтті. Колледж кəсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Мұратқызының құттықтау сөзімен ашылған кеште "Спорт жұлдыздары" журналының бас редакторы Мусағали Тасқалиев колледждің үздік ұстаздарына "Тəуелсіздікке қосқан үлесі үшін" естелік медалін табыс етті.
Орынгүл Исмағұлова өзінің "Қазақ жігіттері", "Жеңіс жыры", "Ер бақыты", "Жас ұлан", Олимпиада толғауы" жəне "Мəңгілік елім-Қазақстаным" атты əндерін орындап, колледж студенттерінің сұрақтарына жауап берді.
Кеш барысында "Спорт жұлдыздары" журналы бас редакторының орынбасары Еркін Бақтияров пен журналымыздың жанынан құрылған "Ақниет" шығармашылық ордасының директоры Даража Жакаева жəне жас өнерпаздар Қуандық Есқалиев пен Карина Нагиевалар да өздерінің өлеңдерін оқып, əндерін орындап кештің əсерлі өтуіне үлестерін қосты. Жас ұрпаққа патриоттық тəрбие беру жолында осындай кештердің көптеп өткені көңіл қуантады. Кеш соңы Орынгүл Исмағұлова колледж студенттеріне қолтаңба беріп, естелік суретке түсті.

12 желтоқсанда ҚР Тəуелсіздік күніне орай "Студенттердің бүгінгі білімі, дағдысы мен құзыреттілігі - ертеңгі еңбек нарығының қажеттіліктері" тақырыбындағы студенттердің облыстық ғылыми-практикалық конференциясында Автожол колледжі 1 курс 111 топ білім алушысы Адилхан Аккумис БАС ЖҮЛДЕ иеленді. Жетекшілері: Дюсенова А.Р. жəне Майстренко Н.Н.

12 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні аясында Ақтөбе обылысының колледждері арасында сайыстар өткізілген болатын. Үздік мақала номинациясында Автожол колледжінің білім алушысы Нужин Андрей (Жетекшісі Туребекова А.К.,) және Утарбаев Қанат (жетекшісі Бадауова А.,) 3 орынды иеленді.