Семинар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына сәйкес Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен Ақтөбе автожол колледжі бірлесе отырып 2018 жылдың 23 сәуір күні «Колледждің басым бағытының бірі – куратордың жұмысының тиімділігін арттыру» тақырыбындағы облыстық кеңес – семинарын өткізді. Семинардың мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесін жетілдірудің жолдарын іздеу және топтарда тәрбиелік жүйенің үлгісін құру мақсатында топ жетекшілерінің ұстанымдарын қалыптастыру. Семинарға Ақтөбе облысы Ішкі істер Департаментінен, облыстық Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасынан, және Ақтөбе облысының колледждерінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен топ кураторлары қатысты.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары