Бос педагог лауазымына конкурс
Ақтөбе қаласы "Ақтөбе автожол колледжі"МКҚК-да педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау . ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурызындағы№57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурызындағы №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі. Колледждегі бос және (немесе) уақытша бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының "enbek.kz" сайтынан, инстаграм "aazhk.aktobe"инстаграм парақшасынан көруге болады.
Конкурсқа жарияланған бос орын:
✅Директордың Кәсіптік жұмыстар жөніндегі орынбасары (тұрақты)
✅ Полиграфия өндірісінің жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Өндірістік оқыту шебері. (декреттік демалыс орнына)
✅ Полиграфия өндірісінің жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу — оқытушы.(тұрақты)
✅Тоңазытқыш жабдықтарының өндірістік оқыту шебері. Тұрақты.
✅Тоңазытқыш жабдықтарының оқытушысы. Тұрақты.
Конкурсқа қажетті құжаттар
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжат
6) медициналық анықтама 075 У форма
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты
10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.01.- 22.01.2026 ж. аралығында өткізеді
Құжаттарды тексеру, комиссия отырысы-жеті жұмыс күні аралығында өткізіледі.