Құттықтаймыз!!!

    

Ақтөбе облысында "Жұмысшы мамандықтар" жылының қорытындыларына арналған халықаралық форум мемлекеттік органдардың, халықаралық сарапшылардың, колледждердің басшылары мен оқытушыларының, сондай-ақ өңірдің жетекші жұмыс берушілерінің қатысуымен өтті. 

Форумға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, ҚР Парламенті депутаттары, Білім Министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Франция, Германия, Қытай және Жапониядан келген делегациялар қатысты.

Форум аясында кәсіби білім беру жүйесінің үздік өкілдерін марапаттау рәсімінде колледждіміздің  әлеуметтік серіктестері ЖШС "Зап Каз-Авто" шебері Гавриченко Павел Евгеньевич, ЖШС "Елек-Лада" шебері Бегежанов Нуржан Уманиязович, ЖШС "Хабар-Сервис" шебері Карамузина Бижамал Кудабергеновна,  "Жол автивтері сапасының ұлттық орталығы" РМК филиалының бас маманы Альжанов Аксанат Сактаганович облыс әкімінің Алғыс хатымен, ал арнайы пәндер оқытушылары Адилханова Лаура Аманжановна ҚР Оқу ағарту министрлігінің "Құрмет" грамотасымен, Зейдалиева Айнур Нургалиевна ҚР Оқу ағарту министрлігінің "Алғысымен" марапатталды.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары