«Қоғам.Тұлға.Отбасы.»

«Қоғам.Тұлға.Отбасы.» тақырыбында үлкен ауқымды облыстық ата-аналар форумы өтті. Форумға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты директоры Е.Иманалиев, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, кәсіби коуч, психологтар, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар, ұстаздар, қамқоршылық/әкелер кеңесінің, ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты. Форумның мақсаты – бала тәрбиесінде ата-аналар мен мектептердің, қоғамдық ұйымдардың біріге және тұрақты қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын айқындау, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын насихаттау, балалар мәселесін анықтау және шешу жолдарын айқындау. Елімізде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық артты. Қазір жиі еститін буллинг, нашақорлық, зорлық-зомбылық, ата-ана мен бала, бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас бүгін форумның тақырыбына арқау болды. Осы аталған форумға колледждің директордың ТІЖ орынбасары және ата аналар комитеті мүшелері Сұлтанова Ақкүміс, Тетерина Наталья қатысты.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары