Жоспар

 

 

 

                                                                    

Табысты болашақ

Бүгін колледж білім алушыларына “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында білім беру ұйымдарында өткізілетін “ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” айлық акциясының жоспары негізінде “Табысты болашақ” тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдо Федерациясының Ақтөбе облысының вице - президенті. “Дзюдо тарланы” төсбелгесінің иегері, дзюдодан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Ибраев Рустам Аманжолұлымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын насихаттау барысында жұмыстар жүргізіп, білім алушылардың сауалдарына жауап беріп, тегін спорт секцияларға қатысуға шақырды.

 

 

                                                                     

Жасөспірімдермен кездесу

Бүгін колледждің 203,206,207 топ білім алушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Кулынтаевна мен құқықтық тәрбие факультатив сабағының оқытушысы Клара Болатовна түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Сондықтан заңды білмеу жазадан құтқармайтынын әр білім алушыға ұғындыру.

 

 

                                                   

Жасөспірімдермен кездесу

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Кәмелетке толмаған білім алушылар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында Ақтөбе қаласы ПБ аға инспекторы полиция капитаны А.Б.Жумабаевпен кездесу өтті.

 

 

                                                                        

                                                 

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

Қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, заңдылық қағидаттарын ілгерілету және кез-келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидасын орнату мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында бүгін колледж білім алушыларымен жалпы құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы білім алушылардың арасында құқықтық насихат шараларын жетілдіру үшін Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, Ақтөбе облысы Ауған соғысы ардагерлерінің және Қазақстан Республикасы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің орталық кеңесінің төрағасы Қойлыбаев Марат Айтуғанұлымен,Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысының м.а Әбуов Азамат Қазыбайұлымен және Ақтөбе қаласының ПБ аға инспекторы полиция капитаны Жумабаев Алмас Берікұлымен кездесу өтті.​

Кездесуде барысында төмендегі мәселелер қозғалып түсіндірме жұмыстары жүргізілді, сауалдарға жауап берілді.
➢ - «21+» акциясын;
➢ – «STOP SALE» акциясын;
➢ - «ALAYAQ.NET» жобасы алаяқтық қылмыстарға қарсы күреске бағытталған шараларға;
➢ - «TAZA ORTA!» жобасы қоғамдық тәртіпті және тазалықты сақтауға ;
➢ - «Қауіпсіз қоғам» акциясы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алуға
➢ - «Көмек көрсетіңіз!» әлеуметтік көмек көрсетуге;
➢ - «ESIRTKIGE JOL JOQ» жобасы жастарға бұқаралық спорт түрлерін насихаттау арқылы есірткі тұтынуға қатысты теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.

 

 

                                                

Құқық бұзушылықтың алдын - алу

Бүгін колледж білім алушылары «Құқық бұзушылықтың алдын - алу» мақсатында ұйымдастырылған бала құқықтары жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша өкілімен өткен кездесуге Zoom платформасы арқылы қатысты.

                                       

Құқық бұзушылықтың алдын-алу

Бүгін колледж білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізіліп отырған кешенді профилактикалық іс-шаралардың жоспарына сәйкес, жалпы құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы білім алушылардың арасында құқықтық насихат шараларын жетілдіру мақсатында

Ақтөбе қаласының ПБ аға инспекторы полиция капитаны А.Б.Жумабаевпен
кездесу өтті. Кездесуде :
➢ Жастар арасындағы құықтық мәдениетті қалыптастыру;
➢ Білім алушылар арасында бопсалаудың алдын-алу;
➢ Нашақорлықтың алдын-алу (синтектикалық естірткі заттары, тұтыну, сату);
➢ Әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану (әлеуметтік желінің зияны мен қасыреті, жазасы);
➢ Буллинг және кибербуллинг туралы ақпарат беру;
➢ Суық қаруды қолданбау, ұстамау;
➢ Кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрмеу, беймезгіл уақытта ойын сауық жерлеріне бармау;
➢ Алаяқтық туралы не білуіміз керек... деген сұрақтар қамтылды, толық ақпарат берілді, білім алушылардың сұрақтарына жауап берілді және ішкі және ПБ есепте тұрған білім алушылармен жеке жұмыстар жүргізілді.

 

 

                                                                             

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу

Бүгін колледждің 101А,103А, 105 Э, 101Т ,101М,101Э топ білім алушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Кулынтаевна мен құқықтық тәрбие факультатив сабағының оқытушысы Клара Болатовна түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Білім алушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыра отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Сондықтан заңды білу – заман талабы.

 

 

                                                                                               

“Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауапкершілік” тақырыбында
2024 жылдың 12 қыркүйек күні колледждің жатақханасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.К.Махамбетова мен Ақтөбе қаласы полиция департаменті ақпараттандыру және байланыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры А.И.Нагиннің ұйымдастыруымен және Ақтөбе қаласы ПБ, Астана ауданы &2 ҚПБ жергілікті полиция қызмет бөлімі басшысының орынбасары, полиция капитаны Д.Қ.Дуюсенов, Ақтөбе қаласы ПБ, Астана ауданы &2 ҚПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Н.К.Искалиев және Ақтөбе қаласы ПБ, Астана ауданы &2 ҚПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты М.Б.Бейсеннің қатысуымен білім алушылармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, кәмелет жасқа толмаған жастардың арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мәселелері қамтылды.

‼️Полиция қызметкерлері қиын жағдайда қалай әрекет ету керек, көмек алу үшін қайда хабарласу керектігі жайында, сонымен қатар жастар арасында суицидтің алдын алу, психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу, киберқауіпсіздік туралы ақпараттар ұсынып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында жатақхананың бөлмелерін аралап білім алушылармен жеке әңгімелесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді

 

 

                                                     

2024 жылдың қыркүйектің 3 жатақхана білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізіліп отырған кешенді профилактикалық іс-шаралардың жоспарына сәйкес, жалпы құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы білім алушылардың арасында құқықтық насихат шараларын жетілдіру және жатақхананың ішкі ережесімен таныстыру мақсатында колледж директорының ТІЖ орынбасары С.Махамбетова мен құқықтық тәрбие сағатының оқытушысы, заңгер К.Исламовамен кездесу өтті.

Кездесуде :
➢ Жастар арасындағы құықтық мәдениетті қалыптастыру;
➢ Білім алушылар арасында бопсалаудың алдын-алу;
➢ Нашақорлықтың алдын-алу (синтектикалық естірткі заттары, тұтыну, сату);
➢ Әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану (әлеуметтік желінің зияны мен қасыреті, жазасы);
➢ Жол жүру ережелерін жеке қауіпсіздікті сақтау;
➢ Буллинг және кибербуллинг туралы ақпарат беру;
➢ Алаяқтық туралы не білуіміз керек... деген сұрақтар қамтылды, толық ақпарат берілді, білім алушылардың сұрақтарына жауап берілді.

 

 

               

2-8 қыркүйек аралығындағы Отбасы күнін мерекелеуге арналған апта жоспарына сәйкес бүгін “Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі” тақырыбындағы кездесу төменде көрсетілген тұлғалардың қатысуымен өтті:
* Қалалық мәслихат депутаты Абай Дидарұлы;
* Қалалық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Самжами Санатұлы;
* РӘҚ “Қазақстанның әкелері” Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангос Кулов;
* ⁠Қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артығалин. Кездесу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне (құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, буллинг, лудомания) тоқталып, білім алушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы құндылықтары түсіндірілді.

 

 

 

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары