24 қарашада Ақтөбеде өңір жастары арасында әлеуметтік кәсіпкерлік қызметті дамыту мен насихаттауға бағытталған «Өз үлесіңді қос» тақырыбында алғашқы Хакатон өтті. Іс-шараны «Жасыл экономика және G-global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ Ақтөбе қалалық мәслихатымен бірлесіп, «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі»ММ қолдауымен ұйымдастырды.
Жоба барысында тыңдаушылар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары, бизнес жоспарлау негіздері, әлеуметтік маркетингтің жеті құралы туралы білім алып, идеялар брейнстормингі мен жобалар генерациясын өткізеді және өзін-өзі таныстыру дағдыларын үйренеді.
Жобаға колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, теория мен практика арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне үйренеді.

 

 

Кәсіби шеберлік бойынша VI республикалық конкурс "WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2021" конкурсының Қостанай қаласы

      

"Жүк көліктеріне қызмет көрсету" құзыреттілігі бойынша қатысушы Ермекбай Айболат Нұрболатұлы. Жетекші: Адилханова Л.А. "Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу" құзыреттілігі бойынша қатысушы Курмаш Рустем. Жетекші: Абуов Р.И.   "Автокөлікті бояу" құзыреттілігі бойынша қатысушы Аманжолов Ғанибет Медетұлы. Жетекші: Тұрмағамбет Б.Т.

                                           

                                                                         

 Республикалық WS-2021 чемпионаты Көкшетау қаласында шанақ жұмыстары бойынша өткізілуде. Біздің облысымыздың атынан колледжіміздің білімалушысы Бұхарбаев Әділбек қатысуда. Сәттілік тілейміз!

WS-2021 чемпионатында ашылу сәтінде қатысушылар атынан Бұхаробаев Әділбек ант қабылдады.

Консоль отладки Joomla

Сессия

Профилирование

Использование памяти

Запросы к базе данных