Қазақтың дара тұлғасы Ұлы Абай Құнанбайұлының күнін 2020 жылдан бастап 10 тамыз жыл сайын аталып келеді.
Соған орай Абай музейіне видео-экскурсия көрсетілді.

9-тамыз 2022 жылы Ақтөбе автожол колледжінің базасында «Worldskills стандарттарын «Жас Маман» жобасын жүзеге асыру мен оқу үдерісінде қолданудың тиімділігі» тақырыбында «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған Республикалық тамыз конференциясының практикалық бөлімі өтті.
Мақсаты: Білім беру процесіне инновациялық тәжірибені енгізу, болашақ мамандардың кәсібилігін арттыру мақсатында іскерлік байланыстар орнату, білім саласының маңызды аспектілері бойынша тәжірибе мен пікір алмасу
Республикалық тамыз конференциясының практикалық бөліміне Маңғыстау, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда облыстарынан келген қонақтар мен Шалқар ауданынан келген әріптестеріміз қатысты.
Секциялық жұмыс «Демонстрациялық алаң» түрінде: «WorldSkills стандарты негізінде құзыреттіліктер бойынша әдістемелік жинақтар», Полиграфиялық және орау өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша оқу тәжірибесінде жасалған жұмыстарының көрмесі және «Жас маман» жобасы аясында алынған заманауи құрал-жабдықтармен шебер кластар көрсетілді.

“ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР”
техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне арналған республикалық тамыз конференциясы

Консоль отладки Joomla

Сессия

Профилирование

Использование памяти

Запросы к базе данных