«Өз үлесіңді қос» тақырыбында алғашқы Хакатон өтті

24 қарашада Ақтөбеде өңір жастары арасында әлеуметтік кәсіпкерлік қызметті дамыту мен насихаттауға бағытталған «Өз үлесіңді қос» тақырыбында алғашқы Хакатон өтті. Іс-шараны «Жасыл экономика және G-global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ Ақтөбе қалалық мәслихатымен бірлесіп, «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі»ММ қолдауымен ұйымдастырды.
Жоба барысында тыңдаушылар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары, бизнес жоспарлау негіздері, әлеуметтік маркетингтің жеті құралы туралы білім алып, идеялар брейнстормингі мен жобалар генерациясын өткізеді және өзін-өзі таныстыру дағдыларын үйренеді.
Жобаға колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, теория мен практика арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне үйренеді.

 

Консоль отладки Joomla

Сессия

Профилирование

Использование памяти

Запросы к базе данных