Ұлы Жеңістің 72 жылдығына және Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына

25 жыл толуына арналған «Отан деп соққан жүрегі...» атты салтанатты кеш 

Кештің мақсаты: Жас ұрпақтың елін, жерін, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбиеге баулу. Білім алушылардың Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың ерліктерін асқақтату, ой-өрісін дамыту. Білім алушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге, Ел қорғау жолында өз үлестерін қосуға шақыру. Колледжімізге бекітілген  Ұлы Отан Соғысының еңбек ардагері Бойко Зоя Даниловна мен тыл ардагері Арсиенко Клавдия Петровна осы кештің құрметті қонақтары.

Колледж студенттері апта сайын тазалықты сақтау мақсатында сенбіліктер өткізеді. Сенбіліктің мақсаты: Қаламызды таза әрі көрікті қалаға айналдыру және қала тұрғындарын экологиялық тазалықты сақтауға шақыру.

Колледж территориясында аумақ бойынша барлық топтар мен топ жетекшілері сенбіліктер өткізді. Әрбір сенбі күндері колледжімізге бекітілген Жеңіс даңғылы, «Әлия» ескерткішінің жанындағы аумақ және Гришин көшесін тазалау жұмыстары жүргізіліп, 50 көшет отырғызылды.

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қарасты №3 қалалық кітапхана 2017 жылдың мамыр айының 4-і күні, Алаш автономиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш Орда идеясынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін» тақырыптық – оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты: алты алашқа аттары мәлім, қоғам қайраткерлерінің қоғамдық – саяси әрекеттері мен ғылыми еңбектерімен жан-жақты танысып, азаттық жолындағы арпалысын, азулы тұлғалардың Алашорда үкіметін құру жолындағы еңбектерін саралау; Ұлт-азаттық қозғалыс жолында погресшіл рөл атқарып, артына өшпес із қалдырғандарын және бұқаралық санаға шындықтың, ұлт егемендігі үшін күрестің мақсаттылығын ұялатқанын зерделеу; Ұлт жолында құрбан болған Алаш арыстарының айбынды еңбектерін, олар туралы кітаптарды оқырмандарға, болашақ ұрпаққа өнеге етіп, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескенін насихатау. 

Консоль отладки Joomla

Сессия

Профилирование

Использование памяти

Запросы к базе данных