Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Отан қорғаушы күнін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру туралы тапсырмасына сәйкес облыстық білім басқармасы 2017 жылғы 9 мамыр күні жалпы республикалық «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» атты шеру өткізілді. Осыған сәйкес колледж оқытушылары мен білім алушылары Ұлы Отан соғысына қатысушы аталарының портретімен шеруге шықты.

2017 жылдың 5 мамырында Ақтөбе Автожол колледжінің ұстаздары мен білім алушылары "Отан деп соққан жүрегім" атты  9 мамыр Ұлы жеңіс күніне -72 жылдығына және Қазақстан республикасының қарулы күштеріне 25 жылына арналған іс-шара өткізді. 

 

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына және Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына

25 жыл толуына арналған «Отан деп соққан жүрегі...» атты салтанатты кеш 

Кештің мақсаты: Жас ұрпақтың елін, жерін, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбиеге баулу. Білім алушылардың Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың ерліктерін асқақтату, ой-өрісін дамыту. Білім алушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге, Ел қорғау жолында өз үлестерін қосуға шақыру. Колледжімізге бекітілген  Ұлы Отан Соғысының еңбек ардагері Бойко Зоя Даниловна мен тыл ардагері Арсиенко Клавдия Петровна осы кештің құрметті қонақтары.

Консоль отладки Joomla

Сессия

Профилирование

Использование памяти

Запросы к базе данных