ІІ жарты жылдық бойынша ҚР Үкіметінің 320 қаулысы 6- тармағына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" каулыға сәйкес ыстық тамаққа құжат қабылданып, рәсімделіп, талқыланды.

2023 жылдың 14.02-17.02 аралығында "Оқу процесінде критериалды бағалауды қолданудың әдіс-тәсілдері" тақырыбында Ақтөбе автожол колледжінің педагогтері арасында әдістемелік отырыстар өткізілді және Оқу -ағарту министрінің 30.12.2022 жылғы №533 бұйрығына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақтобе автожол колледжі мен Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылды. Университет өкілдері мен колледж басшысы екі жақты қарым-қатынас, оқу бағдарламалары, академиялық тағылымдамалардан өту және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар талқылады.

Консоль отладки Joomla

Сессия

Профилирование

Использование памяти

Запросы к базе данных