"Педагогическая этика.Потомок зумера.»

Ақтөбе автожол колледжінде ағымдағы жылдың 30 мамырында колледж оқытушылары арасында «Педагогикалық этика.Зумер ұрпағы.» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға пән оқытушылары, кураторлар және өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Семинар барысында педагог-психолог жалпы педагогикалық этика туралы айтып өтті, «Педагог статусы» және «Педагогикалық этика ережелері» заңнамалары туралы QR-код жадынамалары таратылып, таныстырылды. Сонымен қатар қазіргі замандағы білім алушылардың ерекше қасиеттері, жалпы X, Y, Z ұрпақтар туралы түсініктер берілді. Зумер ұрпақтары мен Ү ұрпақтарының айырмашылықтары, ерекшеліктері менартықшылықтары туралы дискуссия өтті. Қорытындылау мақсатында оқытушыларға ситуациялық сұрақтар беріліп, одан шығу жолдары және педагог пен студент арасындағы жанжал мен кикілжіндерді алдын-алу туралы ұсыныстар берілді. Семинар соңында рефлексиялық жаттығу ретінде «Білдім-Үйрендім» айдарымен аяқталды.

Консоль отладки Joomla

Сессия

Профилирование

Использование памяти

Запросы к базе данных