×

Ошибка

[OSYouTube] Alledia framework not found

«Құқық бұзушылықтың алдын алу»

атты дөңгелек үстел

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

        Осындай өзекті мәселе Ақтөбе автожол колледжінде өткен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел жиынында қаралды.

Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын   жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа  тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға  деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Дөңгелек үстелге колледж директоры Алишева Жанар Куандыкқызы, Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істер  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы  Ормаханов Нұрлыбек Бостандықұлы, Сазды ПБ   ЖПҚ тобының КТІЖ аға учаскелік  полиция инспекторы полиция майоры Бибігүл Джалиева, «Беркут» бірлескен қоғамдық  бірлестігінің басшысы Сагиев Серік Макаевич, ата – аналар комитетінің төрайымдары және қала колледждерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

          Күн тәртібінде: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. (жалпы есепте тұрған қылмыстық іс және әкімшілік жазаға тартылған  студенттермен жұмыстар жүргізу, сабақтан тыс уақыттағы ата - аналардың міндеті және т.б.)

Консоль отладки Joomla

Сессия

Профилирование

Использование памяти

Запросы к базе данных