×

Қателік

[OSYouTube] Alledia framework not found

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы ашылды

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау»  орталығы  ашылды

          Ақтөбе автожол колледжінде 17 қаңтар күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау»  орталығы  ашылды. Бұл орталық білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша колледждің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында  ашылып отыр.

2023-2024 оқу жылында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша облыстық білім басқармасының бастамасы негізінде колледжде «Ата –аналарды қолдау мектебі  ашылып  және ата –аналарды қолдау мектебінің құрамы бұйрық бойынша бекітіліп өз жұмысын бастады.

         Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының  міндеттері:

  • Білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
  • Білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
  • Білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Осы шараның маңыздылығын аша отырып, бүгінгі шарамызға арнайы шақырылған қонақтарымызға  Ақтөбе облыстық Білім басқармасына, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығына, Ақтөбе облыстық және қалалық маслихат депутаттарына, Автожол колледжінің  әлеуметтік серіктестеріне,  әкелер, аналар, әжелер мектебінің мүшелеріне, колледжіміздің ата аналарына алғыс білдіреміз.

        Ақтөбе автожол колледжі білім беру ұйымының базасында бүгінгі күннен бастап ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс жасайтын болады.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары