×

Қателік

[OSYouTube] Alledia framework not found

«Ақтөбе автожол колледжі» МКҚК 2023 жылдың қорытындысы.

«Ақтөбе автожол колледжі» МКҚК 2023 жылдың қорытындысы.
Биылғы жылы лицензияға ие 11 мамандықтың 7 –еуі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілуде, жаңа мамандықтар ашылған жоқ. Контингент саны 2022 жылға қарағанда 815-тен 935 білім алушыға, 13 пайызға өсті. Жаңа оқу жылына қабылдау 345-тен 400 білім алушыға, 14% ға өсті, соның ішінде 25 білім алушы «Аттестат+диплом» пилоттық эксперименттік жобасы бойынша қаламыздағы № 1 және № 39 жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қабылданды. Түлектер 193-тен 209 -ға 8 % -ға өсті. Жалпы жұмыспен қамтылу -94,1 %-дан 58 % -ға төмендеп отыр, оның себебі зейнетақы қорын көрсете алмауы, өз-өздерін жұмыспен қамту. Білім алушылар шәкіртақымен тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер саны 2023 жылы артып отыр. Әлеуметтік серіктестер Worldskills кәсіби чемпионатын өткізу кезінде көп қолдау көрсетуде, соның нәтижесінде аймақтық, республикалық чемпионаттан жүлделі орындарға ие болып, халықаралық чемпионатқа қатысуда. Биылғы жылы «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Мифтахетдинов Роберт Тимурович, жетекшісі Сафин Ерлан Нурсултанович алтын медальға ие болып, Францияда өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама алды. Worldskills чемпионатына қатысушы құзыреттер саны мен бас сарапшылар саны артып отыр. «WorldSkills Kazakhstan 2023» - VІІІ республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша - Абуов Рахметолла Ибраимович, «Шанақты жөндеу» құзыреттілігі бойынша – Хасенов Талғат Сембайұлы бас сарапшылық етті.
Инженер-педагог құрам 67-ден 70 педагогқа, 4 пайызға өсті, ал сапалық құрам 45 пайыздан 37 пайызға төмендеп отыр, себебі 30 жылдық еңбек өтілі жоғарғы санаты бар педагогтердің «педагог-модератор» санатына өтуі және жалпы білім беру пәні оқытушыларының ҰБТ тестке тіркеле алмауы мен шектік балды жинай алмауы.
Осы жылы өтініш берген 22 педагогтің 15-сі «педагог-модератор», «педагог-сарапшы» санаттарына ие болды. Биыл 8 мамандық бойынша қысқа мерзімді курстар ашылды. Педагог құрам мен білім алушылар облыстық, республикалық байқаулар мен ғылыми тәжірибелік конференцияларға жүйелі қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
«Көлік және байланыс саласы бойынша» кәсіби шеберлік облыстық байқауында Қорқыт Хафиз Сағындықұлы 1-орынды иеленіп, республикалық байқауға қатысты.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен «Өнерлі ұстаз» кәсіби шеберлік байқауында физика пәнінің оқытушысы Изтлеуова Айгуль Сандигалиевна алғыс хатқа ие болды.
2023 жыл спорт саласы үшін де табысты жыл болды. Облыстық спартаакиадада жеңіл атлетикадан -2 орын, жетекшісі - Хамзин Айсабек Амангосович, үлкен теннистен- 1 орын, жетекшісі - Сәтен Ғылман Мухитович, үстел теннисінен-4 орын, жетекшісі- Карашулаков Кайрат Жумагалиевич, волейболдан – 4 орын, жетекшісі- Жиенбеков Ганибек Жеткергенович жалпы командалық есеппен 2-орынды иелендік. Колледжаралық «Футбол лигасы – 2023» облыстық кезеңінде 19 колледждің арасынан 3-орынды иеленді, жетекшісі- Жиенбеков Ганибек Жеткергенович.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының облыстық кезеңінде 1-курс білім алушысы Гладырь Данил жетекшісі Туребекова Алия Камрадиновна 1-орынға ие болды.
Құзыреттер бойынша 8 шағын қызмет көрсету алаңында автокөліктерге қызмет көрсету бойынша: шанақ жұмыстары, дөңлелек жөндеу, жүріс бөлігін жөндеу, қозғалтқышты жөндеу бойынша және тоңазытқыш пен конденционер жөндеу, баспахана жұмыстары, автожол-құрылысы зертханасы өз жұмыстарын бастады.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары