×

Қателік

[OSYouTube] Alledia framework not found

Колледж тарихы

 

«Ақтөбе автожол колледжі»МҚКК

         Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Білім және өнеркәсіп министрлігінің бұйрығымен 1974 жылғы 15 Қазанда №18 (ТУ-18) техникалық мектеп құрылды. Бастапқы кезеңде Ақтөбе кондитерлік фабрикасы үшін мамандар даярланды. Осы бағытта 16 жыл ішінде оқу орны инженерлік–педагогикалық мамандықтармен толықтырылды, сондай-ақ материалдық-техникалық база нығайтылды.

         1992-1995 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының оқу ғимараты болып қайта құрылды. 1997 жылы № 1 мектеп және № 14 кәсіптік-техникалық училище № 23 кәсіптік-техникалық мектебімен біріктіріліп, қайта құрылды.

         2000 жылдан бастап ол № 6 кәсіптік лицей деп аталды. 2001 жылы Ақтөбе облысындағы «Үздік лицей» атағын алды.

        Ақтөбе облысының әкімінің 2012 жылғы 10 маусымдағы № 240 қаулысына сәйкес № 6 кәсіптік лицей «Ақтөбе автожол колледжі» болып аталды.

        Колледждің материалдық-техникалық базасы: 2 оқу корпусы, компьютерлік кабинеттер, WI-FI сымсыз желісі, асхана, спортзал, мәжіліс залы, акт залы, кітапхана, медициналық кабинет, оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-техникалық бөлімдер, жабдықтар, т.б қамтиды. Білім алушылар үшін спорт секциялары, үйірмелер, шығармашылық қызығушылық үйірмелері  жақсы дамыған. Демалыс кезінде олар «Жасыл Ел» бағдарламасымен қамтылады.

        Біздің колледж дуалды оқыту моделін енгізген, яғни оқу үрдісінің 40% - ы теориямен, 60% - ы тәжірибемен ұштасқан алғашқы оқу орындарының бірі болып табылады. Дуалды оқыту жүйесі білім алушы контингенттің 100% - н қамтиды.

       Колледж мынадай мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:

  • 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы, «Техник - механик» (білім алушылар қосымша екі жұмысшы біліктілік алады: «Автокөлікті жөндеу слесарі», «Автокөлікті жөндеу шебері»), «Электромеханик», «Автосервис менеджері», «Автомобиль көлігінің диспетчері» біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.

 

  • 141000 «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы «Техник – құрылысшы» (білім алушылар қосымша екі жұмысшы біліктілік алады: «Жол жұмысшысы»,  «Асфальтбетон төсеуші машинисі») біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.

 

  • 1119000 - «Тоңазытқыш – компрессорлық машиналар және қондырғылар» мамандығы, «Техник - механик» (білім алушылар қосымша екі жұмысшы біліктілік алады: «Тоңазытқыш қондырғылары жабдықтарын құрастырушы» «Жабдықтарды жөндеу шебері (өнеркәсіпте)») біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.

 

  • 1227000 – Полиграфия өндірісі мамандығы, «Техник - технолог» (білім алушылар қосымша үш жұмысшы біліктілік алады: «Баспа ісінің маманы», «Баспагер», «Брошюралаушы- түптеуші»), және «Жабдықтарды жөндеу және пайдалану технигі»  біліктілігі бойынша мамандар дайындайды.

         Барлық мамандықтар бойынша модулді оқу жүйесі енгізілген.

         Білім алушылар өндірістік тәжірибені қаламыздың «Авто-двигатель» ЖШС, «Вест Моторс Сервис» ЖШС,  «Елек Лада» ЖШС,  «Трансмиссия» ЖШС,  ИП  «Жетибаев», «Данай-Актобе» ЖШС,  «Көл авто» ЖШС, «Шинторг центр» ЖШС, «Пегас Моторс Сервис» ЖШС,  «Найзағай-СТ»ЖШС,  «АССАНА-ДорСтрой» ЖШС, «АО «НК «ҚазАвтоЖол Ақтөбе облыстық филиалы», РГУ «Актобежоллаборатория»  т.б. мекемелері мен кәсіпорындарында өтеді.

        Колледждің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер арасында озық тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан мен Ресей Федерациясының аумағында орналасқан басқа колледждермен, мысалы, ГБПОУ «Москва технологиялық колледжі», «А.А.Николаев ат. Мәскеу автомобиль - жол колледжі» және «И.Федоров ат. Мәскеу баспа - полиграфиялық колледж» - мен меморандумдар жасалды және олармен офлайн, онлай форматта жұмыстар жүргізілуде.

        Колледж түлектері Ақтөбе облысының және одан тысқары орналасқан кәсіпорындардың сұранысына ие.

 

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары