×

Қателік

[OSYouTube] Alledia framework not found

“Мерейлі отбасы”

Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы — отбасы. Колледж білім алушыларға жатақхана тәрбиешісі Жанар Мұғажанқызы, отбасының діңгегі мықты болу керек екендігін түсіндіре отырып, “Мерейлі отбасы” атты іс- шара ұйымдастырды. Шараға облысымызға танымал, зейнеткер ұстаз, бес баланың анасы, отанасы Ундирбаева Дәметкен Ундирбайқызымен әдемі кездесу кеші өткізілді. Жастарға өмірден көрген-түйгенін , ақылын жастарға айтып берді. Білім алушы жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Облыстық халық шығармашылығы орталығынан келген қонақтарымыз “ Әдеп” тобының әншілері Қуанышгүл Серікбаева мен Құралай Әленова сыңғырлаған дауыстарымен , домбыра үнімен әуелетіп ән салды. Біздің жастарымыз қошемет көрсетіп, зор ықыласқа бөленді. Кеш тартымды өтті. Келген қонақтарымызға білім алушы жастарымыз алма кезек, жылы лебіздерін айтып, алғыстарын білдірді. Апайларымызға, әншілерімізге алдағы уақытта денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/RgKxHsiGVIM?si=SaHFCJ4HPoAWkjK7" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары