×

Error

[OSYouTube] Alledia framework not found

Teacher-psychologist

Teacher psychologist

Syrlybayeva Perizat Almatkyzy

Tel: 87758920294

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Психологиялық қызмет

Колледждегі психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, педагог-социолог және оқу топтарының жетекшілері кіреді.

Колледждегі психологиялық қызметтің міндеті:

– Тұлғаны табысты оқыту, дамыту әрі оның әлеуметтенуі мен кәсіби қалыптасуы үшін психологиялық жағдай жасау;

– Оқу-тәрбие үрдісі субъектілерінің арасындағы өзара түсіністікпен, өзара әрекеттестікті нығайтуға жағдай жасау;

– Білім алушылардың әлеуметтік маңызды тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін жеке қызығушылықтар мен қажеттіліктерді дамыту;

– Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;

– Білім алушылар, педагогтар, ата-аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

Негізгі жұмыс бағыттары:

– Психодиагностикалық бағыт;

– Психопрофилактикалық бағыт;

– Психокоррекциялық бағыт;

– Кеңес беру;

– Психологиялық білімді көтеру.

Психологиялық қызметтің жұмыс кезеңдері:

– Психологиялық қызмет бойынша жұмысты жоспарлау;

– Педагогикалық ұжым мүшелерімен жұмыс;

– Бейімделу кезеңін бақылау;

– Әртүрлі жас кезеңінде кездесетін қиыншылықтың алдын алу;

– Жас мамандарға көмек;

– Ата-аналармен жұмыс;

 

Психолог: Сырлыбаева П.А.

Студенттер мен ата-аналар назарына! Колледжімізде “Сенім телефоны” және “Сенім жәшігінің” жұмыс жасайтынын хабарлаймыз! ☎️87084715432
????

“Құқықбұзушылықтың алдын-алу басты міндет” атты құқықтық онкүндік аясында студенттермен “Өмірді бағала” атты тренинг жүргізілді.

 

Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет’ атты құқықтық онкүндік аясында ‘Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайларды анықтауға бағытталған’ сауалнама жүргізілді.

 

 

16 қыркүйек күні 1 курс студенттерінің  ата-аналарымен ағымдағы оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті.

 

Студенттер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, “Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз” атты тақырыпта студенттермен семинар өткізілді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтіні айтылды. Сондай-ақ, студенттерге бейноролик көрсетіліп, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашағына балта шабатын қауіп екенін айтып өтті.

 

 

“Мен оффлайн"акциясы аясында 1-курс студенттерімен өткізілген психологиялық тренинг.

 

“Интернетсіз бір күн” тақырыбында 1-курс студенттерінің дайындаған қабырға газеті.

Ұйымдастырушы: психолог Перизат Алматқызы

 

 

2022 жылдың 28-ші қаңтар күні Колледж жатақханасындағы студенттердің көңіл-күйін қалыптастыру, жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында “Көңілді орта” атты психологиялық тренинг өткізілді.

Колледж психологы: Перизат Алматқызы

 

Бүгін алғыс айту күні. Психологтар былай дейді: «рахмет» сөзі адамның эмоционалдық фонына, демек, денсаулығына және психикалық белсенділігіне жақсы әсер етеді. Осы тамаша күнде ата-анаңызға, таныстарыңызға, туған-туыстарыңызға, әріптестеріңізге, сыныптастарыңызға жақсылық жасаңыз, алғыс сөздер айтыңыз. Содан кейін «Рахмет» күні сізге жақсылық пен қуаныш әкеледі! Психолог: Перизат Алматқызы

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/pRNwzQw-eCU" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

 

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries