previous arrowprevious arrow
next arrow
Slider
  • News

Колледжішілік кестеге сай сенбілік жасалуда. 101, 102, 103 топ білім алушылары белгіленген аумақты тазалау жұмыстарына белсене араласуда. Бұл өткізіліп жатқан сенбіліктің мақсаты: студенттерді бірігіп еңбек етуге, ұйымшылдыққа, тазалыққа баулу.

30.03.2023ж күні мәжіліс залында өндірістегі тәлімгерлермен бірге «Оқу өндірістік тәжірибені өндірісте ұйымдастыру, демонстрациялық емтихан өткізудің талаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Осы кездесуге әлеуметтік серіктестік өкілдері қатысып, демонстрациялық емтихан бойынша арнайы пән оқытушыларымен сұхбаттасып, тақырып бойынша пікір алмасты. 

 

  • News

Бүгін, 30.03.2023ж кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу үшін Л.А.Абдиганиева, Г.Р.Жилкайдарова, Ж.А.Анутова қала, қала сыртындағы мектептер (№8 ОМ, №54 ОМ, Благодар ОМ, Бекқұл баба атындағы №76 ОМ, №75 ОМ бойынша 9-11 сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмыс жүргізіп, колледжде оқытылатын мамандықтар бойынша толық ақпарат берді.

Наурызым шат-думан көңіл тойы,Жан берген тіршіліккке өмір тойы.Кеңлейіп ел-жұртына мейір шашып,Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.
Гүлге орап, жасандырып жусан белін,Ақтарған арындатып думан селін.Сіңірген халық салтын қанымызға,Мейрамның құтты болсын, туған елім!
Жоспар бойынша әрбір топта Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаттары өтті

Амал күні бүгін бұл,
Көрісетін барлық жан.
Гүл көктемдей құлпырып,
Сыйластықпен танылған..

09.03.2023ж Колледжде мерекелік жоспарға сай "Сен үшін ананың орны қандай?" атты кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуге колледжде бірнеше жыл еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шыққан апаларымыз бен ұстаздарымыз шақырылды. Білім алушыларға апаларымыз өздерінің тәлім тәрбиелік әнгімелерін айтып, балалардың қойған сауалдарына жауап берді. 

  • News

Колледжіміздің ардақты оқытушылары мен қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні карсаңында мерекелік Алғыс хаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!!

Our partners

Joomla! Debug Console

Session

Profile Information

Memory Usage

Database Queries